5 порция лағман 😍
Оқымай тұрып тез-тез лайк бас😍💖 • ✅
✅ Қамырына:
3 стакан ұн,
1 жұмыртқа,
1 стакан су,
1 шай қасық тұз.
✅ Дайындалуы:
Барлығын араластырып қаттылау қамыр илейміз. 20 минутқа пакетке салып қоямыз. Сосын кішкене бөліктерге бөлеміз де (менде 9 бөлік шықты), әрқайсысын 30 см дейін колбаса қылып созамыз. Созылған ұзынша қамырымызды сұйық май жағып тағы да пакетке саламыз. Тағы 10 мин қоямыз. Содан кейін қолымызды сұйық маймен майлап алып, жіңішкелеп созамыз да, менің бірінші суретімдегідей қылып май жағылған тарелкаға ортасынан бастап орап саламыз, бетін жауып 5 минут қоямыз. Сосын 2-ші суреттегідей қылып тарелкадан тағы да жіңішкелеп созып бөліп шығарамыз да, май жағылған қолымызға іліп алып, үстелге екі-үш рет соққылаймыз. Қайнап жатқан тұзды суға 2-3 бөліктен салып отырамыз. Былғап тұрамыз, 7-8 минутта піседі. Қайнатқан кезде қамырдың барлығын бірге салмаймыз. Жабысып қалуы мүмкін, аз-аздан порция-порциямен пісіріп алған дұрыс. Піскеннен кейін сүзіп алып, салқын сумен шайып, кішкене сұйық май араластырып жібереміз, жабысып қалмау үшін.
Көкөністі сорпаға:
Алдымен қазанға өсімдік майын қыздырып, етті жақсылап қызартып қуырамыз, екі стакандай қайнаған су құйып, тұз салып, жай отта бұқтырамыз (мен ет жұп-жұмсақ болғанша бұқтырамын). Суы сарқылғанда, пиязды, сәбізді, болгар бұрышын, томат пастасын, помидорды салып қуырамыз. Үстіне редька, сельдерей, қаласаңыз капуста мен көк шөптерден салуға болады (менде ол осы дайындағанда болған жоқ, сондықтан картоп қостым). Қуырылып жатқан ет пен көкөністеріміз 3-4 смдей батып тұратындай етіп, үстіне қайнаған су құямыз, тұз-бұрыш, өзіңіз ұнататын дәмдеуіш салып, көкөністер дайын болғанша жай отта пісіреміз.
Лағманды дайындағанда ескеретін нәрсе: 1) ет өте жұмсақ болып пісу керек «ауызға салғанда еріп кететіндей» және қып-қызыл болып қуырылғаны жөн (тек күйдіріп алмаңыз), 2) лағманда көкөністердің көп болғаны жақсы, әсіресе редька мен сельдерейді міндетті түрде қосқан жөн (жалпы өзім капуста қосқанды ұнатпаймын, бірақ ұнататын ханымдар қосуына болады).
Астарыңыз дәмді болсын!😍💖