Фарштан жасалған пирогымыз үшін керекті азық-түлігіміз :
Қамыры үшін :
Картоп — (200 гр) 3-4 дана
Сары май немесе маргарин — 100 гр
Ұн — 1 стақан
Ортасына начинкасына :
Жуа — 500 гр
Тәтті бұрыш (болгар бұрышы ақ, сары, қызыл түсті) — әрқайсысынан 1 данадан
Пияз (жуа) — 2 дана
Сарымсақ — 4-5 дана
Тұз
Қара бұрыш
Соус
Сүт — 150 мл
Қаймақ — 3 ас қасық
Томат пастасы -2 ас қасық
Жұмыртқа — 3 дана
Тұз
Қара бұрыш
Картобымызды тұзды суға езілгенше пісіреміз + суын төгіп, езіп + май саламыз+ ұн салып, жұмсақ қамыр илейміз егер қамыр қолға жабыса берсе, аздап ұн қосуға болады. Формаға салып, жан-жағына да қамырымызды жайғастырамыз (форманың жанын қамыр жауып тұруы қажет),қамырымыз өз формасын сақтауы үшін, оны тоңазытқышқа 30 миутқа саламыз. Оған дейін начинкасын әзірлейміз. Пияз + тәтті бұрыштарды + сарымсақты қуырып тұз бен қара бұрышын саламыз, фаршты басқа ыдыста қуырып, оның да тұз бен қара бұрышын саламыз, піскеннен кейін қуырылған фаршпен + қуырылған тәтті бұрышымызды біріктіріп, араластырып, тоңазытқыштағы қамырымызды шығарып, ішіне начинкамызды жайғастырамыз.Соусымызды (сүт + жұмыртқа + томат пастасы + қаймақ + тұз + қарабұрышты араластырып)начинканың үстіне құйып, 180-200 дәрежеде 35-40 минут пісіреміз. Ас болсын!